Печать
Просмотров: 734

Қасиетті Құранда "Егер шүкірлік етсеңдер, нығметтерімді арттыра беремін, ал егер күпірлік етсеңдер, азабым қатты" деген аятқа сәйкес, біз шүкірлік еткен сайын Алла Тағаланың бізге берері де көбейе түседі екен, ағайын! Аллаға шүкір дейміз, мінекей, ҚМДБ "Зекет" қорының "Ел үлесі - пәтерге" жобасы бойынша 123-ші баспана да беріліп үлгерді. Талдықорған өңірі бойынша "Зекет" қорының өкілі Серік Құсайынұлы бүгін Көксу ауданы, Жарлыөзек ауылың тұрғыны, алты ай бұрын отағасынан айрылған үш баланың анасы Ақбергенова Зәуреш Төлеутайқызына үйдің кілтін табыстады. Көпшілік ықыласына бөленген осынау игі жобаға жамағаттың, ауыл адамдарының атсалысуына ұйытқы болған Көксу ауданының бас имамы Еділбек қажының, ауыл имамы Едіге және аудандық зекет өкілі Бақыт бауырымыздың еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Игі шараға сол ауылдан шыққан аудандық депутат ағамыз, ауыл әкімі де куә болып, баспаналы болған отбасыға әкімшілік газ тарту етіп, мешіт шаңсорғыш сыйлады. Жиын соңы ақсақалдардың бата беруімен тарқасты.