Печать
Просмотров: 539

Мүгедектік – сатып алатын сырқат емес, Алла Тағаладан келетін – сынақ. Өздігінен жүріп-тұра алмайтын жандарға қол ұшын созу – адамдық қасиеттен.

Жетісай ауданы Атақоныс ауылында тұратын көп балалы Алтынгүл Итолова аналық мейірімін кембағал баласынан аямайды. Қанша жылдан бері сол ұлының қызметінде келеді.

“Нұр-Жетісай” мешітінің имамы Абдурахман Нұрматовтың ұйымдастыруымен Оразғали Баймырзаұлына қоларба тарту етілді. Имам олар үшін дұға етті.

Бұған дейін ауыл әкімі өзі кірісіп бұл отбасы тұратын көше тегістеліп, тас төселген болатын. Оразғалидің қажетіне жараған азаматтардың баршасына Рахман Иеміз разы болсын!

Зекет пен садақаларыңызды мешіттерге әкеліп беріңіздер. Алланың үйіне көмек сұрап келетін шын мұқтаждарға септігі тиеді.