Печать
Просмотров: 572

“Мақтаарал- баспана” және “Зекет” қорының жергілікті бөлімінің ұйымдастыруымен тағы бір отбасы баспаналы болды. Игі іске Набатай Естемірқызы қол ұшын созды.

Үй иесіне “Құтты болсын” айтып, аудан басшыларының төрт көзі түгел келді. Бас демеушіге алғыс хат табысталды.

Кім біреудің мұқтаждығын өтесе, Алла Тағаламыз көмектескен жаннан жәрдемін үзбейді. Жұрт қиналып жатқанда зәулім сарай, даңғарадай үйде тұрғанның қайыры шамалы.

Алла Тағала бақ пен байлықты сынақ үшін береді. Бір үзім нанды бөлісіп жейтін елдерге береке дариды.

Рахман Иеміз үйсіз-күйсіз жүрген қандастарымызды баспаналы етсін, демеушілерге разы болсын!