Печать
Просмотров: 569

Дуалы ауыз қариялар “Ақырзаман алдында Әлінің қылышына өздері ұрынатындар көп болады. Кәрі-жас демей жол апатынан жиі өледі” деп отырушы еді. Себебін сұрағанда, адамдар не асығыс, не мінген көлігіне масаттанған біреулер болатынын айтатын.

Қазақстанда жылдан-жылға көлік апаты мен адам опаты көбейіп жатыр. Өткен жарты жылдықта 7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алған. Мыңға жуық адам қаза болса, 10 мыңдай жан жарақаттанған.

Сапарға шықпас бұрын садақа беріңіз. Алла Тағаланың “Сақтансаң – Сақтаймын” деген ескертуін ұмытпаңыз.

Бөржар-Қайнар тас жолында өлім-жітімнің көбейіп кетті. Жолдың ақысын беріп, қауіп-қатерден амандық тілеп жергілікті бір кәсіпкер Рахманның разылығы үшін ірі қара мал сойды.

Етін екі ауылдың жоқ-жітіктеріне үлестіріп жіберді. Алла Тағала қабыл Етсін!