Печать
Просмотров: 611

Баланы ешкімге күлмей, ешкімді кемсітіп, мазақ қылмауға үйреткен абзал. Қазір жеткіншектер арасында кекету-мұқату белең алып барады.

“Сенің әкең жоқ, бейшара, жетімсің” деп сыныптасын сөгіп жатқан оқушы қыздың қылығына қайран қалдық. Ата-анасы мектеп пен мұғалім таңдаса, перзенті құрбы таңдамай қайтсін?

Әкесі жоқ – шын жетім. Жерде жетім жыласа, көкте періштелер күңіреніп, Алла Тағаланың ашуланатынын ұмытпайық.

Жетім болсын-болмасын, жағдайы нашар ауылдасыңызға қарайласу – мұсылмандық бір міндетіңіз екенін еске саламыз. Қолдан келгенше көмегіңізді аянып қалмаңыз.

Ордабасы ауданына қарасты “Көкарал” мешітінде мектепте оқитын 8 балаға көмек көрсетілді. Олардың оқуға керек-жарағына деп әрқайсысына 15 мың теңгеден берілді.

Оқу жылы басталса да, оқуға бара алмай жатқан балалар бар. Естіп-білсеңіз жай-күйіне күлмей, жаныңыз ашысын.

Алла Тағала жақсылық жасаушыларды жақсылықтарымен жарылқайды. Қол ұшын созған жомарттарға береке тілейміз.