Печать
Просмотров: 774

Түркістан қаласының тұрғыны Тамара Азимованың үйі осыдан біраз бұрын құлағалы тұрған-ды. Апатты жағдайда өмір сүріп жатқан жалғызбасты ананың жай-күйі бейжай қалдырмады.

“Зекет” корпоративтік қоры Түркістан қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен кәсіпкерлер қайырымдылыққа жұмылдырылды. “Ел үлесі – пәтерге” акциясының аясында Тамара Азимова 144-ші баспана бұйырды.

Оның үш бөлмелі үйінің орнына жаңасы салынды. Кілтін қаланың бас имамы Жүсіпбек Қасымбеков табыстады.

Қала мешіттерінен “құтты болсынға!” төсеніш, тұрмыстық техника және т.б заттар тарту етілді. Алла Тағала жомарттық еткен азаматтардың баршасына разы болсын!

Мүфтият бастамасымен “Ел үлесі – пәтерге” акциясы жүргізіліп келеді. “Көп түкірсе – көл болады” демекші, игі істерден шет қалмай үлес қосуға шақырамыз.