Печать
Просмотров: 566

Зекетті жырымдамай қиналып жүрген жандардың жағдайын түзеу үшін бүтін қылып берген жақсы. Шариғат шарты осылай етуге міндеттейді.

Зекет беруді насихаттау – имамдарға жүктелген. Әркім әрқалай пайымдайды, десе де мұсылмандарды күнәдан сақтандырудың амалы деп түсінген абзал.

“Хазіреті Әбу-Бәкір” мешітінің имамы Хамидулла Қоңыртайдың ұйытқы болуымен түркістандық иманды азаматтар зекеттерін игілікті істерге жұмсап жүр. Сондай жақсылық жалғасын тауып, 25 отбасы қыстық отынды боп қалды.

1 миллион 200 мың теңгеге 70 тонна көмір үлестірілді. Алла Тағала зекетін қабыл етсін, кәсібіне берекесін берсін!