Печать
Просмотров: 647

Өткен жұма күні «Зекет» қоры тағы екі отбасының қуанышына куәгер болды. Бүйрек ауруымен ауырып жатқан Мира апамыздың еміне және тұратын жерін таппаған алты бала анасы Маржан апамыздың үйлі болуына қаражат бөлінді.

Бұл екі отбасыға көмек жинап жатқанымызға біраз уақыт болды. Оқиғаларын «Зекет» қорының бейнерөликтерінен көрген болатынсыз.

Коныратбаева Мира – бірінші топ мүгедегі. Жасы 50ге жетпеген әйелге жан түршігетін диагноз қойылды – гипертензиялық ауру. Бүйректері жұмысын атқара алмай, қаны әр 4 сағат арнайы апараттармен тазартылады. Мира апамызға жедел түрде бүйрек ауыстыру отасы қажет болатын. Бүйрегін беретін доноры – өз күйеуі.

Маржан апайымыз – 6 бала анасы, күміс алқа иегері. Күйеуі мүгедек болғаны үшін, екеуі де жұмыс істей алмайды. Улкен отбасының тұратын жері болмай, 10 жылдан астам суық, қирап жатқан үйді жалдауға мәжбүр болды.

Алдымен Алланың және Оның қалаумен болған жақсы адамдардың садақалары және көмектері арқасында жақын уақытта Мира апамыз отау жасатады, ал Маржан апамыздың отбасысы жаңа үй салып бастайды. Айлар бойы жиналып жатқан көмектің нәтижесінде осы бақытты жаңалықты сіздермен бөлісуге қуаныштымыз! Әрбір тиын садақаңызды Алла Тағала қабыл етіп, сіздерді Өз разылығына бөлесін!

Ал біз бұл жетістіктермен шектелмейміз, алдыда әлі көп көмекке мұқтаж жандар бар. Сіздерді де жақсылық жасаудан шаршамай, атсалысып, «Зекет» қорымен бірге адамдардың бақытына себепкер болуға шақырамыз. Басқаларға көмек беретін адамға Алла Тағала Өз көмегін береді!