Әркім әр түрлі тағдыр кешеді. Кісіге күліп күпірлік қылғанша, шүкіршілік еткен жақсы.
Ұлжалғас Омарқұлованың күйеуі 2-топтағы мүгедек. Отағасына қарап, жұмыс істеуге қауқарсыз.
Қысқа жібі күрмеуге келмей отырған отбасыға, қызының жетімегімен келуі жығылған үстіне жұдырық болды. Төрт адам – төрт ауызға кіріс көзі жетпей жатыр.
Кентау қалалық орталық мешітінің жомарт жамағаты оларға көмек көрсетіп тұрады. Бүгін 1 тоннадан аса көмір түсіріп берді.
Отбасын тастап кеткен азаматтарға айтарымыз бар. Әйел-балаңыздан ажырап кеткеніңізбен, оларды асырау міндеті мойныңыздан түспейді.
Кәмелетке толғанша заң міндеттеген алиментті шариғат та төлеуді талап етеді. Ұлжалғас Омарқұловада кембағал, жесір, жетім, үшеуі де бар боп тұр.