Печать
Просмотров: 546

Қоңыр күздің қол бұлғап, қақаған қыс қарсы алатын қараша айының бел ортасына да келіп жеттік. Жан біткен қаһарлы қысқа қамданған осы күндері ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша «Зекет» қорында қайырымдылық шаралары жалғасын тапты.

Жұбайы өмірден өткен жалғызбасты ананың отбасына көмір түсіріліп, өңіріміздегі басқа да мұқтаж отбасылардағы аналар мен қыздарға күздік және қыстық сырт киімдер, сондай-ақ сәбилерге қыстық аяқ киімдер үлестірілді. Молшылық пен берекеге толы мезгіл ары қарай да жүректерге жылу сыйлар жақсылықтармен жалғасын таппақ.