Печать
Просмотров: 595

Бұл Мәуліт Абдуәлиевтер отбасы үшін естен кетпес. Дәурен мен Шахистаның асыл арманы орындалып, баспана бұйырды.

Бес балалы отбасыға ел алдында пәтер кілтін облыс имамы Мұсабек Ақтамберді табыстады. Бұл "Зекет" қорының "Ел үлесі пәтерге" жобасы аясында республика бойынша берілген 149-шы үй.

Бүгін бірқатар имамдар мен дін жанашырлары ҚМДБ Төрағасы Серікбай Ораздың алғыс хатымен марапатталды. “Мәуліт мәртебесі” кешіне келген халайық ризашылықтарын білдіріп тарқады.

Игі іске атсалысқан Түркістан қалалық мешіттерінің жамағаттары мен имамдарына алғыс айтамыз. Алла Тағала баршасына разы болсын!

Түркістан қалалық орталық мешітінің баспасөз қызметі