Печать
Просмотров: 738

“Тойсаң тоба қыл” деуші еді. Кей жұрттарды түсіну қиын боп жатқан жайы бар.

Етегі жасқа толып мешітке көмек сұрап келгеннің бәріне бірдей жәрдем беруге ниет болса да, қауқар жоқ. Өйткені мешітте тұрақты табысты ақша жоқ.

Алланың үйінің есігін теуіп кіріп, доқ қылатындарды Абайдың сөзімен Құдайдан қорқуға шақырамыз. Тиісінше, мешіттерге көмектесу мұсылмандық бір міндет екенін еске саламыз.

Қолы ашық азаматтардың Рахманның разылығы үшін жасаған жақсылығына риза болсақ игі еді. Адамдарға алғыс айту да әдептілікке жатады.

Қыс ауасында отын біраз отбасы үшін үлкен проблем боп жатыр. Көмірдің тоннасы 25 000 теңгеден асып кетті.

“Зекет” қорының Шардара аудандық бөлімінің жетекшісі Құрбанқожа Байжановтың ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті. Әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы 6 отбасыға көмір жеткізілді.

Алла Тағала жақсылық жұмылған жамағат пен демеушілерге берекесін берсін!

Шардара аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі