Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у мұсылмандардың мәрттігін көрсету үшін жомарттық қылуға шақырған. Әлбетте бұл рия үшін емес, Рахманның разылығы үшін көмек берудің амалы.
Сондай-ақ Пайғамбар с.а.у сыйлық сыйлаудың қуантатынын айтқан. Рабби әл-Әууәл айы басталғалы мешіттерде Мәуліт оқылып, қайырымдылық шаралары өткізіліп жатыр.
Сондай игіліктің бірі Жылысу ауылдық округіне қарасты “Сағындық ата” мешітінде ұйымдастырылды. Мәуліт мерекеленген соң, 10 отбасыға азық-түлік үлестірілді.
Жетісай аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі