Печать
Просмотров: 875

Созақ Бетпақ далаға жақын әрі жыңғылды-жантақты жер болғандықтан, түйе өсіруге қолайлы. Кезінде қаракөл елтірісін өндірумен аты шыққан аудан еді.

Қазір де ата кәсібін дөңгелетіп отырған жандар баршылық. Кім қандай кәсіппен айналысса да, табысы шариғат шамалаған мөлшерден асқан соң, зекет төлеуге міндетті болады.

Зекет – парыз. Қолында бар мал-мүлікпен өтесе де, қаржылай есептеп төлесе де болады.

Қасиетті Мәуліт айында Рахманның разылығы үшін құрбандық атап жатқандар бар. Жергілікті бір кәсіпкер түйе сойды.

Көл-көсір ет Раң ауылдық мешітінде тіркелген тұрмысы төмен 14 отбасыға таратылды. Алла Тағала қабыл етсін!

Созақ аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі