Кеше, 4-желтоқсан күні Мәуліт мерекесінде Абдуғаппар Сманов «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында кезекті 158-баспананың кілтін табыс етті.
Үйлі болу бақыты төрт баланы тәрбиелеп өсіріп отырған Айгүл Тәжиеваның отбасына бұйырды.
Баспаналы болған отбасының қуанышына себепкер болған жергілікті кәсіпкерлерге, сондай-ақ аталған іс-шараны ұйымдастырған Жезқазған қаласы, «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің бас имамы Нұрбол Сайлауұлына және Жезқазған аймағы бойынша «Зекет» қорының өкілі Айтжан Қапарұлына ерекше алғыс білдіреміз. Қоғамымызда бір-біріне қол ұшын созар қайырымды жандар көп болсын!
https://zeket.online/8-ourworks/219-158.html#sigProIde293fba8ea