Печать
Просмотров: 533

Өмірден өткен марқұмдардың атынан садақа беріп, тіпті қажылық өтесе де болады. Жалпы өлгендер де, тірілер де сауапқа зәру.

Ал, жақсылық жасау мен садақа беру дүние салғандарды да, өзін де сауапқа бөлеудің бір жолы. Мәуліт құрметіне Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның с.а.у атынан сый жасайтындар көбейіп келеді.

Бұл адамзаттың ардақтысы – Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаның с.а.у ізгі үмбетінің игі амалы. Жетісайда Мәуліт мерекелеу жалғасып жатыр.

Мерекеден бұйымтай тағы 7 отбасыға бұйырды. “Тұрған ана” мешітінің жамағаты қайырымдылыққа 84 мың теңге жұмсады.

Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік үлестірілді. Алла Тағала жамағатқа разы болсын!