Печать
Просмотров: 563

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет» корпоративтік қорында 10 отбасыға материалды қайырымдылық көмек жасалды. Осындай сыйлыққа мұқтаж жандар қорымызға түскен зекеттердің арқасында ие болды.

Айта кетсек, зекет – әр мұсылманның бес парызының бірі. Мал-мүлкі нисаб көлеміне (әлді адамның ) жеткен мұсылман, өз зекетін төлеп, Алланың әмірін «Зекет» қоры арқылы жасауымен жесірлерге, ауру адамдарға, көпбалалы және тағы басқа мұқтаж жандардың көмегіне қол ұшын созған болады.

Акцияға «Зекет» қорының қызметкерлері қатысты. Қаржылай қайырымдылық көмек аз қамтылған және көпбалалы жанұяларға, ДЦП ауруына шалыққан балаларға және де ауру үлкен кісілерге көрсетілді. Зекет тарату барысында дініміздегі мұқтаждарға көмек жасаудың маңыздылығы жайлы сөз қозғалып, зекет берушілерге арнайы дұға жасалды.