Печать
Просмотров: 521

Ақыл-есі дұрыс, ақша қоры шариғат өлшеміне жететін кәсіп иелеріне зекет беру – парыз. Шамасы қашан жетсе, содан бастап жыл сайын төлеуі тиіс.

Бір жыл не­ме­се бір­не­ше жыл үшін бе­ріл­ме­ген зе­кет есе­сі қа­рыз бо­лып са­на­ла­ды жә­не міндетті түр­де өте­луі тиіс. Өтел­ген­нен кейін қал­ған ақша­ның құ­ны ни­сап мөл­ше­рі­не же­тіп жатса ға­на сол жыл үшін зе­кет бе­рі­ле­ді.

Зекет – мал, өнім, тауар, ақша, алтын, күміспен де беріледі. Жер емген диқандар еккен өнімнен ұшыр төлейді.

Түркістанда бақша өнімдерін өсіру және сатумен айналысатын бір азамат зекетін “Хилует” мешітіне тапсырып кетті. 38 отбасыға бір-бір қаптан картоп, пияз жетті.

Зекет – мал-мүліктің ақысы болғанымен береке мен бақыттың бір кілті. Алла Тағаланың қақысын беру – шамасы жететін мұсылманның мойнынан түспейтін парыз.

Қарыз болмай төлеген игі. Рахман Иеміз қабыл Етсін, кәсібіне береке Дарытсын!