Печать
Просмотров: 365

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы елшілігі екі ел арасындағы әлеуметтік маңызы бар байланыстарды дамытуға зор үлес қосқан стратегиялық серіктестерін алғыс хатпен марапаттады.

Шараға арнайы шақыртумен ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және ҚМДБ «Зекет» корпоративтік қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы да қатысты. Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Ахмед әл-Жабер мырза Бас мүфтиге және қайырымдылық қорының директоры Талғат қажы Сейіткәрімұлына елшілікпен ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосқаны үшін арнайы алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ шарада БАӘ-нің келер жылы толатын 50 жылдық мерейтойына дайындығы, экономикалық-әлеуметтік жетістіктері жайлы баяндалды.