Печать
Просмотров: 456

Алла Тағала қияметте қатты қинағысы келмейтін адамдардың кейбір күнәларын ауру-сырқау жіберу арқылы да кешіреді. Сондықтан ауырып қалғанда Жаратқан Жаббар Иемізді жазғыра бермей, сабыр етіп кешірім тілейтін жандар тез тәуір болады.

Баяғыда сахабалар сырқаттанбай қалса, Раббымыздың назарынан тыс қалғандай қынжылған екен. Әр аурудың күнәдан тазару екенін білетін мұсылман сабыр етеді.

Ақиқатына келетін болсақ, Алла Тағаланың әмірлеріне бойсұнып, парыз амалдарын атқаратын мұсылмандар күнәдан бойын таза ұстаса, дауасыз дерттерге душар болмайды. Адамның өмірін ұзартатын дұғалар да, амалдар да бар.

Науқастың көңілін сұрау – сауапты іске жатады. Алла Тағала кім ауырса соның жанында “Неге келмедің?”- деп күтеді екен.

Рахманның бір разылығы жасырылған жердің бірі сырқаттанып жатқан адамның жанында. Сондықтан ауырып қалған жанның қал-жағдайын сұрауды ұмытпаңыздар.

Ал, енді аурудың ем-домына жәрдем беру шын жомарттың сыйы. Манкенттегі “Жалал баба” мешітінің Махкамбай Хайтметовтың ұйымдастыруымен бір науқастың отасына қомақты қаржы берілді.

Алла Тағала көмек қолын созған демеушінің кәсібіне берекесін берсін!