Печать
Просмотров: 685

ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай қайырымдылық шаралары отызға отыздан өткізілуде. Шын мұқтаждар жетерлік.

Атымтай жомарттарды сауапты істерден шет қалмауға шақырамыз. Сауап адамға артықтық етпейді.

Түркістан облыстық мешітінің ұйымдастыруымен “30 ИГІ ІС” жобасы аясында “Тайқазан” акциясы жүріп жатыр. Кезекті қайырымдылық шарасы Арыс қаласында өтті.

Азия мұсылмандары Комитетінің еліміздегі жетекшісі Ясир Мохаммед-Алидің зекет есебінен берген көмегі үлестірілді. 30 отбасыға азық-түлік берілді.