Печать
Просмотров: 254

 

Бүгін ҚМДБ-ның Алматы қаласы өкілдігі және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Алмалыбақ» ауылында тұратын төрт балалы жалғызбасты анаға «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 209-шы пәтердің кілті табысталды.

Қуанышпен бөлісуге Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Бауыржан Әлиұлы және «Зекет» қорының өкілі Аслан Таласбаев пен дін мамандары қатысып, үйдің кілтін табыстады.

Бас имам жаңа баспана иелеріне бата жасап, көрімдігін берді. Ал Алматы Орталық мешітінің жанындағы «Ықылас-2050» қайырымдылық қоры азық-түлікпен көмек көрсетті. 

Жомарт жандардың қолдауымен үйлі болған жалғызбасты ана көмек қолын созған және жобаны ұйымдастырған барлық қайырымды жандарға ризашылық сезімін білдіріп, алғыс айтты.