Печать
Просмотров: 377

ҚМДБ жанындағы «Зекет» қайырымдылық қоры Нұр-Сұлтан қаласындағы екі ауруханаға қажетті 40 дана медициналық құралдар табыстады.

Атап өтсек, «Өмірге үміт сыйла» атты акция аясында «Орталық клиникалық госпиталь» мен «№3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасына»  пульсоксиметh құрылғылары және оксиген маскалары қор қызметкерлерімен жеткізілді. Қазіргі эпидемиялогиялық жағдайда кез-келген көмекке риза болған медицина қызметкерлері алғыстарын білдіріп жатты.

Осындай сауапты іске ат салысқан қайырымды жандарға Алла разы болсын!

ҚМДБ «Зекет» қоры