Печать
Просмотров: 387

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметінің басты төрт бағытының бірі қайырымдылық екені белгілі. Осыған орай, ҚМДБ жанындағы «Зекет» корпоративтік қоры құрбан шалу рәсімін ұйымдастырып, етін таратуға кірісіп кетті. 

Нұр-Сұлтан қаласының Орталық клиникалық госпиталінде COVID-19 диагнозымен емделіп жатқан науқастар мен оларды емдеуші дәрігерлер еттен ауыс тиіп, шипа болсын деген ниетте 20 пакет және еріктілер арқылы медицина қызметкерлеріне 25 пакет табысталды. 

« Күллі мұсылмандар асыға күтетін Ұлық мереке Құрбан Айт та басталып кетті. Осындай мерекеде айналамыздағы адамдарға қуаныш сыйлауға асығу керек. Қасиетті Құрбан айт құтты болсын! Айттан айтқа аман-есен жетуімізді нәсіп етсін!» деді «Зекет» қорының директоры Талғат Омаров.