Печать
Просмотров: 4093

2018 жылы құрбан айт мерекесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша ірі қарадан 25 сиыр, 1 түйе, ұсақ малдан 2625 қой құрбандыққа шалынып, жалпы саны – 1640 отбасына 16063 тонна ет таратылды.  Сондай-ақ, 45 отбасына азық-түлік, 200 балаға мектеп құралдары үлестірілді.

Талдықорған өңірінде 115 отбасына азық-түлікпен, 45 балаға мектеп құралдарымен, 9 адамның ем алуына, 1 отбасына үй құрылысына көмек көрсетілді.

Жезқазған өңірі бойынша 1.5 тонна ет таратылып, 25 отбасыға азық-түлік берілсе, 10 балаға мектеп құралдары алынды.

Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы есебі - 107 тонна 210кг ет таратылды. Сондай-ақ, «Зекет» қорының ұйымдастыруымен 20 жанұяға 10 000 теңгеден зекет беріліп, 100 жанұяға азық-түлікпен және қаржылай кайырымдылык жасалды.

Павлодар облысы бойынша 645 отбасына азық-түлік, 196 балаға мектеп сөмкесі беріліп, "Ел үлесі - пәтерге" акциясына 1,462 200 теңге жиналды.

Жамбыл облысы бойынша  1472 отбасына азық-түлік беріліп, 11 885 мың теңге қаржылай таратылды. Құрбандыққа 63 ірі қара, 1073 қой шалынды. Бұған қоса, 580 балаға мектепке сөмкесі үлестіріліп, "Ел үлесі - пәтерге" акциясына жиналған сома 4 500 000 теңгені құрады.

 Өскемен өңірі де қалыс қалмай, 25 адамға еттей жәрдем берді.

«Зекет» қорының Ақтөбе облысындағы өкілдігінде ұлты молдован ағайындарға 44 кг азық-түлік, Актөбе медресе колледжіне 132 кг азық-түлік берілді.

Қызылорда облысындағы «Зекет» қоры өкілдігі Қармақшы ауданына қарасты Төретам кентінде іссапармен болып 10 отбасына қайырымдылық көрсетcе, Қазалы ауданындағы іссапар барысында мұқтаж жандарға 600кг азық-түлік таратты.

Маңғыстау облысында 7 жанұяға азық-түлік таратылды.

Тараз қаласында зекет өкілдерінің ұйымдастыруымен ұшырдан жиналған 150 қап пияз таратылды.

Қостанай облысында «Зекет» қорынан мүгедек балалар мектебіне 3 кілем қайырымдылық ретінде сыйға тартылды..

Алматы облысы Талдықорған өңіріндегі «Зекет» қорынан «Нұр-Мүбарак» Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университетінің 1-ші курс шәкірті Бахытбек Айгерім Бахытбекқызының оқу төлеміне қажет қаржы аударылды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы "Зекет қорының" есебінен ағымдағы жылдың қазан айында ауылдық мешіттердің имамдарына 164 565 теңге төленді.