Печать
Просмотров: 581

ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай Бас мүфтидің үндеуіне үн қоса отырып, ауыл имамдарын қолдау мақсатында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылының имамы Әділет Маусымовқа Жем қаласынан 3 бөлмелі жеке баспана тарту етілді.

Қаражат ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен жиналған. Бұл – ҚМДБ «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен сыйға берілген еліміз бойынша 277-ші, ал Ақтөбе облысы бойынша 12-ші баспана.

Бірнеше айдың көлемінде имамға қуаныш сыйлап отырған бұл жоба әрі қарай жалғасын таппақ. ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты имамдар жыл соңына дейін жамағаттың атсалысуымен облыстың басқа аудандарында мұқтаждарға баспана алып беруді жоспарлап отыр.