Печать
Просмотров: 743

Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы Арал ауданына сапарында «Көшпелі керуен» қайырымдылық шарасына қатысты.

ҚМДБ «Зекет» қорының қайырымдылық керуені – республикалық деңгейде қолға алынған акция. Акция аясында Қызылорда облысының бас имамы бас имам Болатбек Абуов пен «Зекет» қорының Сыр өңіріндегі жауапты өкілі Оңталап Жидебаев Аралдағы 30 отбасыға азық-түлік қоржынын үлестірді.

Сондай-ақ осы сапары барысында Болатбек Ұласқанұлы Сексеуіл кентінде салынып жатқан «Тілеуқұл ишан» мешітінің құрылысымен танысты. Құрылыс толық аяқталған кезде екі қабатты жаңа мешітте бір мезетте 1000 адам құлшылық жасайды.