Печать
Просмотров: 961

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасына орай, «Жақсылықта жарысыңдар» қайырымдылық шарасы аясында Алматы қаласы Жетісу ауданына қарасты «Вайнах» мешіті қаладағы мұқтаж 100 отбасыға әлеуметтік көмек (азық-түлік) көрсетті.

Қайырымдылық себеттері мұқтаж жандардың үйлеріне имамдар мен еріктілердің көмегімен арнайы көліктерде жеткізіп берілді. Әлеуметтік көмек алған қала тұрғындары мешіт қызметкерлері мен қайырымдылық шарасына атсалысқан жомарт жандарға алғыс білдірді.