Печать
Просмотров: 575

Ішерге ас, киерге киім таппай отырған отбасылар бар. Оларды іздеп таппасақ, өздіктерімен мешітке көмек сұрап келмейді.

Бұған дейін мешіт тізімінде тұрған тұрмысы төмен жанұялардың көпшілігі кедейлік шегінен шығарылды. Зекет қаржысын мақсатты жұмсаудың нәтижесінде осындай игілікке қол жетті.

Ескеретіні, мешіттерден көмек сұраушылардың әлеуметтік жағдайы жаппай тексерілмейінше берілмейді. Тоқ бола тұра аш адамның кейпін танытатындарға кедейлік есіктері ашылатыны айтылған.

ҚМДБ Төрағасының тапсырмасымен имамдар қайырымдылық ұйымдастыруымен келеді. Кезекті шара “Жорахан” мешітінде өтті.

30 отбасыға ет, 50 отбасыға азық-түлік үлестірілді. Жаратқан Жаббар Иеміз жүрек жылуын жеткізген жомарттарды жақсылықтарымен Жарылқасын!