Печать
Просмотров: 677

ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты «Зекет» қорының ұйымдастыруымен және  марқұм Тулемисова Светлана  Мейрамқызының соңынан қалған бала-шағасы мен жақындары қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Игі шара Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде өтті.  Шара барысында әлемде болып жатқан індетке байланысты жұмысынан және табысынан айырылған көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 15 отбасының үйіне азық-түлік пен киім-кешек жеткізілді. 

Осы қайырымды істің жүзеге асып, жоғары деңгейде өтуіне ат салысып, істің басы-қасында жүрген «Зекет» қорының облысымыз бойынша өкілі Джаримбетов Мұхит шара барысында өзінің уағыз-насихатын айтып, осындай қайырымдылыққа бағытталған  шараны қолға алып ат салысқан марқұмның туыстарына алғысын білдірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 

ihsan.kz