Печать
Просмотров: 922

Алла Тағала қасиетті Құранда адамның басына жамандық күнәсі мен қателіктерінен келетінін ескерткен. Сондай-ақ, жаман күннің жамандығынан сақтану үшін нәзір садақасын беруге болатынын баяндаған.

Бұл да болса Рахман Иеміздің рақымы деп қабылдаймыз. Алла Тағала пендесі бәріне риза болса, разылығы мен рахметіне бөлейтінін айтқан.

Нәзір садақасы адам басына іс түскенде немесе бір игі іске ниет еткенде оңынан шешілуін қаласа, атап берілетін садақа түрі екенін еске саламыз. Алла Тағала нәзір садақасына құрбандыққа мал шалуға және оның етін түгел таратып жіберуге бұйырған.

Нәзір садақасына аталып шалынған малдың етінен бір кесегін де егесіне алып қалуға тиым салынған. Ол да болса құрбан шалған жандардың игілігі үшін.

Қандай құрбандық, садақа болмасын, бір Алланың разылығы үшін шалынып, берілуі керек. Рахманның разылығы үшін атқарылмаған амалдың қайырлы болуы неғайбыл.

Басына іс түскен бір азаматтың атынан облыстық мешітте нәзір садақасына ірі қара мал сойылды. Еті 35 отбасыға таратылды.

Облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов ол отбасы үшін дұға етіп, ризашылығын білдірді. Алла Тағала жеңілдігін Берсін!