Печать
Просмотров: 899

Алла Тағала қасиетті Құранда мал-мүлік, жиған-тергені нисап мөлшері толған адамдарға жыл сайын зекет төлеуге бұйырған. Зекет -бес парыздың бірі болғандықтан, өтелмесе кісі мойнына қарыз болып жазылады.

Намаз, оразаның қазасы сияқты зекеттің де қарызын өтеу міндет болады. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у сол үшін де сенімді сахабасы Муазды р.а Йеменге жіберерде: “Байларының малынан зекет алып, кедейлерге беруді, Алла Тағаланың парыз еткенін сен оларға үйрет”- деген.

Зекет – мал-мүлік, ақша, асыл тастар мен заттардан, азық-түлік, киім-кешектен түскен табыстан төленеді. Зекетке қатысты сұрақтарыңызға жергілікті зекет жетекшілері имамдардан жауап алуға болады.

Жетісайда зекет ісі жолға қойылған. Нәтижесі көңіл көншітерлік.

Жетісай аудандық орталық мешітінде “Жомарт бол, жұртқа жақсылық жасаудан жалықпа” қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бір азаматтың атағаны 30 мұқтаж отбасыға таратылды.

Аудан имамы Жорабай Дулатбаев жомарт жанға ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, берекесін Берсін!