Печать
Просмотров: 868

“Ел үлесі – пәтерге” жобасы ҚМДБ бастамаларының бірегейі. Былтыр республика бойынша 142 баспана мұқтаждардың игілігіне берілсе, оның 36-сы Түркістан облысының үлесінде.

Зекет жетекшілері мен имамдар игі істердің ұйытқысы болудан жалықпай келеді. Нәтижесінде тағы бір үй егесін тапты.

Шәуілдірде тұрмысы төмен көпбалалы Жұмашевтер отбасына жоба аясында 341-баспана бұйырған. 4 млн 100 мың теңге тұрады.

Жергілікті жомарттар жылу жинап алып берді. Бұл Отырар ауданы бойынша мұқтаждарға тарту етілген 11-үй.

Баршаңызды жобаға үлес қосуға шақырамыз. Алла Тағала баспана сыйлаған азаматтарға разы Болсын!