Печать
Просмотров: 355

Нафиса Мамадханың көптен күткен арманы орындалды. 7 балалы жесір анаға “Ел үлесі – пәтерге” акциясының аясында баспаналы болды.

Бұл отбасыға 15 миллион теңгеге дайын әрі жуырда салынған жаңа үй сатып алынды. Барлық бөлмесіне қымбат кілем төселіп, көрпе-төсек, жиһаз-жабдықтар да тарту етілді.

Бұл Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері пайдалануға берілген төртінші үй. Ал, ел ішінде 350-баспана болып тіркелді.

Кілт табыстау рәсіміне қатысқан өңірлік зекет жетекшісі Еркін Полатов облыс имамы Еркебұлан Қарақұловтың құттықтауын жеткізді. Өкілдік атынан Құран кітап сыйға тартылды.

Үй құжаттары су жаңа егесінің атына жазылды. Кейуана мен балалардың қуанышында шек жоқ.

Игі істі ұйымдастырушы Түркістан қаласы бойынша Зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Жаһангир Абдуалиев қол ұшын созған жамағаттарға ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, берекесін Берсін!