Печать
Просмотров: 333

Бүгін Жамбыл облысы Байзақ ауданы "Байзақ баба" мешітінің бас имамы Азизов Рамиздің тапсырмасына сай Талас ауылдық "Ан нағим" мешітінде "Жанға жылу сыйла" атты қайырымдылық акциясы өтті.

Қайырымдылықтың өтуіне себепкер болған "Ан нағим" мешітінің имамы Сағымбаев Бақытбек "Садақаның пайдасы" туралы уағыз-насихат айтып мұқтаж отбасыларға азық-түлік салынған пакеттерді үйлестіріп берді.

Қайырымдылық әр жұмада жалғасын табатын болады!

Байзақ аудандық мешітінің баспасөз қызметі