Печать
Просмотров: 309

Қасиетті жұма күні ҚМДБ "Зекет" қорының ұйымдастыруымен Жамбыл облысында "Жылулық сыйла" атты қайырымдылық науқаны жасалды. 

Игі бастама өңірге қарасты барлық қала, аудан, ауыл мешіттерінде жүргізілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмір, киім-кешек, аяқ киім, азық-түлік сынды қажеттіліктер жеткізілді. 

"Зекет" қорының Жамбыл облысындағы өкілі Ержан Маханұлының айтуынша облыс бойынша 34,5 тонна көмір түсіріліп, 100 отбасыға үлестірілді. Қара маржанға жұмсалған қаражат  1 553 000 теңгені құрады. 

Атап айтсақ, облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті 3,5 тонна көмір, Шу ауданы 10 отбасына 5 тонна, Тараз қаласы 81 отбасына 26 тонна көмір жеткізіп берді.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі