Печать
Просмотров: 462

Бүгін Семейдегі орталық «Абай Құнанбайұлы» мешітінің ашылу салтанатынан соң бірқатар қайырымдылық шарасы өтті.

Игі бастамаға қолдау білдірген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі мешіттерде білім алып жүрген балаларға сый-сияпат табыстады. Оның ішінде 7 балаға Бас мүфти гранты берілді.

Грант иелері енді еліміздің әр түкпіріндегі айтулы медреселерде өз білімін шыңдайды. Бүгінгі әз-Наурыз мейрамына орай қуанышқа кенелген жандар демеуші, мұрындық болған азаматтарға ризашылығын білдірді.