Печать
Просмотров: 452

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Өскемен аймақтық өкідігінің ұйымдастыруымен Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «Наурыз қоржыны» қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық көмегі қордың «Тайқазан» жобасының аясында жасалды. «Зекет және қайырымдылық» қоры атынан Өскемен қаласындағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік көмегі үлестірілді. Бұл игі іске 60 отбасы қамтылып, қайырымдылық көмегін жеткізу шарасына ерікті жастар тартылды.

Іс-шара туралы өскемендік блогер Әділ Сайлаубек өз парақшасында: «Шама-шарқың жеткенше мұқтаждарға көмек қолыңды соза білсең, сонда ғана қоғам түзелмек. Бұл көмектеріңіз міндетті түрде өз орнын тапқан сауапты шара болды. Осы игі шараны ұйымдастырған ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне ризашылық білдіремін» деп жазды.

Қайырымдылық шарасының ашылу рәсімінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» Өскемен аймағы бойынша жауапты қызметкері Берік Кәдірұлы қайырымдылық ісі жүйелі түде жалғасатынын айта келіп: «Қазіргі уақытта бұл бағытта «Зекет және қайырымдылық қорының» өңірдегі өкілдігі барлық мешітпен бірлесіп, жүйелі шаралар атқарып жатыр» деді.

Қайырымдылық шарасына қамтылған отбасылар өкілдікке өз ризашылығын жеткізді.