Печать
Просмотров: 478

ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында да “Көшпелі керуен” акциясы өтті. “Мағзаман” мешітінен 47 отбасыға азық-түлік қорабы жиналды.

Акцияның атына сай көмек керуені шаһарға көрші жатқан Достық, Шаға ауылдарына жөнелтілді. Имамдар мұқтаж отбасыларға таратты.

Көршілердің бір-бірінде қақысы бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у көршілердің қал-жайына қарасып тұруды өсиет еткен.

Көшпелі керуеннің мақсаты көрші қақысын беру. Мешіт имамы Камран Шерахмет жақсылыққа жұмылған жан-жақтағы игі жақсыларға ризашылығын білдірді.

Жомарттарды сауапты істерден шет қалмауға шақырамыз. Алла Тағала қол ұшын созған азаматтарға разы Болсын!

Түркістан қалалық орталық мешіті