Печать
Просмотров: 555

Алла Тағала қасиетті Құранда: “Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешқандай да серік қоспаңдар. Ата-аналарың мен жақындарыңа, жетімдер мен міскіндерге, жақын көршілерге, алыс көршілерге, сапарлас немесе жақын жолдастарыңа, елінен жырақта жүрген мұқтаж жолаушыларға, қол астындағыларға жақсылық жасаңдар. Шүбәсіз, өзін әлдеқандай көретін мақтаншақты Алла жақсы көрмейді”,- деген. Көрші ақысы – Тәңір ақысы деп осы үшін айтады.

Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафаға с.а.у Жәбірейіл а.с періште көрші жайында мұрагердей етіп айтқан. Бір хадисте: “Жанындағы көршісі аш бола тұра, өзі тоқ адамды маған иман келтірді деп есептеуге болмайды” делінген.

Түркістан қалалық мешітінің зекет және қайырымдылық бөлімінің ұйымдастыруымен “Жүрек жылуы” акциясы өтті. Шаһарға іргелес жатқан ауылдарға 120 қорап азық-түлік таратылды.

Акцияға 1 млн 200 мың теңге жұмсалды. Бөлім жетекшісі Жаһангир Абдуалиев қол ұшын созған азаматтарға ризашылығын білдірді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед-Мұстафа с.а.у: “Кімде-кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірген болса, көршісіне еш зиянын тигізбесін” деген. Хақ Тағала жәннаттық көршілерді көбейтіп, көмек берген жандарға берекесін Берсін!