Печать
Просмотров: 307
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде өткен қайырымдылық акциясы аясында Атырау облысына қарасты барлық мешіттерде 640 отбасына қамқорлық көрсетілді. Оның ішінде бір ғана Атырау облыстық “Иманғали” мешітінде 100 мұқтаж отбасына қайырымдылық көрсетілді.

Орталық “Иманғали” мешіті, қала, аудан және ауыл мешіттерін толықтай қамтыған қайырымдылық акциясы барысында мұқтаж отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері жеткізілді.

Республика бойынша бүгін мүфтият 11700 мұқтаж отбасыға азық-түлік себеттерін жеткізіп, қуаныш сыйлады.