Печать
Просмотров: 322

ҚМДБ-ның Солтүстік Қазақстан облысы өкілдігі, «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Ел үлесі – пәтерге» жобасының кезекті игі іс-шарасы өтті.

СҚО-дағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Қасымхан Аблоллаұлы мен Тойбазар Айтуған Тайынша ауданындағы көмекке мұқтаж отбасыға 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Сауапты іске аудандық мешіттің имамдары мен жанашыр жамағаты атсалысқанын айта кеткен жөн.

«Бұл – еліміз бойынша беріліп отырған 374-ші баспана. Мұндай қайырымдылық шарасы Қазақстан бойынша ұйымдастырылып келе жатыр. Демеушілік көрсеткен жомарт жандарға, осы игі іс-шараға ұйытқы болған аудан имамдарына Алла разы болсын!» деді зекет өкілдері.