Печать
Просмотров: 363

Шаян көпсалалы мектеп-лицейінің 2001 жылғы түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлады. Үш бөлмелі 408-үй “Ел үлесі – пәтерге” жобасының аясында тарту етілді.

Баспана Ғани Науқанбайұлының жанұясына бұйырды. Оның үш баласы бар, өзінің денсаулығы жоқ.

Қанша жылдан бері әркімнің пәтерін паналап келген. Бұндай отбасылар зекет қаржысын бөлісуге әбден лайық.

Үй иелеріне “құтты болсын” айтып, зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар келді. Бұл аудан бойынша 20 жылдық түлектер арасында атқарылған алғашқы ауқымды іс.

Аудан имамы Еркін Полатов демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!