ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Солтүстік Қазақстан облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Уәлиханов ауданында «Ел үлесі – пәтерге» қайырымдылық акциясымен 3 мұқтаж отбасы баспаналы болды.
Салтанатты іс-шараға қатысқан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы Мақсат Аманжолұлы көмекке мұқтаж отбасыларға 426, 427 және 428-үйлердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.
Мұқтаждың мұңын ойлап, мейірімділікке үндейтін берекелі жобаның жүзеге асырылуына жергілікті жамағаттан біраз адам ат салысты.
Мерейлі іс-шарада үйлі болған үш отбасы да игі жобаның басы-қасында жүрген барша азаматтарға, мешіт имамдары мен жамағатына шексіз ризашылықтарын білдірді.
https://zeket.online/8-ourworks/540-el-lesi-p-terge-zhobasy-ayasynda-sh-otbasy-jli-boldy-2.html#sigProIdfbc6a64a47