Печать
Просмотров: 350

Дін жолындағы қызметкерлер мен шәкірттер зекет алуға қақылы адамдар. Алла Тағала қасиетті Құранда зекет алушылардың қатарына осы санаттағыларды да қосқан.

Зекет – парыз. Шариғат шегіне жеткен байлық егесі дүние-мүліктің зекетін төлеуге міндетті.

Бәйдібек аудандық зекет және қайырымдылық бөлімінің жетекшісі Байқадам Жүзімбаевтың ұйымдастыруымен “Әзімбай қажы Жорабай” мешітінде 1 млн 200 мың теңге зекет берілді. 17 адамға бұйырды.

Оның ішінде 6 тұл жетімге 50 мың теңгеден, “Нұр-Мүбәрак” университетінің талапкерлеріне 100 мың теңгеден таратылды. Бір отбасының 100 мың теңге борышы өтелді.

Қалған мұқтаждарға 50 мың теңгеден тиді. Зекет қаржысы мақсатты жұмсалды.

Зекет алғандардың бәрі арнайы комиссия тексеруінен өткен. Атын жасырған кәсіпкер мал орнына ақшасын есептеп зекетке бөлді.

Аудан имамы Еркін Полатов ризашылығын білдірді. Алла Тағала қабыл Етсін, қайыры мен берекесін Берсін!