Печать
Просмотров: 338

“Ел үлесі – пәтерге” акциясының игілігін тағы бір отбасы көрді. Шардарада 6 балалы ана баспаналы болды.

Құндыз Молдашева отағасынан айырылып, өз арбасын өзі сүйреп келеді. Тапқан-таянғаны үйлі-жай алуға жетпейтін еді.

Аудандық мәслихат депутаты Қыдырғали Оңғарбаев пен жеке кәсіпкер Қазыбек Жылқыбай аудан имамының ұсынысын қабыл алып, қайырымдылық ұйымдастырып берді. Нәтижесінде игі жақсылар жомарттық етіп, жетім-жесірге шарапатын тигізді.

Үйдің кілтін аудан имамы Марат Асанов табыстап, демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала кейуанаға жәрдем Етсін, балаларына бақ-береке Берсін, қол ұшын созған азаматтарға разы Болсын!