Печать
Просмотров: 441

Алматыдағы «Абдулла» мешітінде «Зекет – тазару жолы» тақырыбында семинар өтті. Семинарға ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Талғат Омаров пен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан және қайырымдылыққа жауапты имамдар қатысты.

Қор директоры мен бас имам қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың заманауи үлгідегі жобалары мен креатив ойларын ортаға салды. Семинар тренингте Талғат Омаров «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы қаласындағы өкілдеріне қайырымдылық көрсетудің заманауи үлгілері мен қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету мәселесіне тоқталды.

Семинар қатысушыларына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қайырымдылық бағыттағы 2020-2021 жылда атқарылған іс-шаралары көрсетілді. Семинарға Алматы қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының қайырымдылық бағыттағы іс-шараларын жүргізетін 50 мешіт қызметкерлері қатысты.