Печать
Просмотров: 405

Түркістан қаласында “Мағзаман” мешітінде “Ел үлесі – пәтерге” акциясы өтті. Жамағаттың жомарттығымен мұқтаж отбасыға 459-баспана берілді.

Жер телімі сатып алынып, екі айда жаңадан үй салынды. 9 миллион теңге жұмсалды.

Қоныс иелеріне үйдің кілтін облыс имамы табыстады. Еркебұлан Қарақұлов демеушілерге ризашылығын білдірді.

Үйдің іші жиһаз бен керек-жарақпен жабдықталды. Баспаналы болған жанұя алғыстарын жаудырды.

Мешіт пен қиналғандарға көмек беру айналадағы халықтың да міндеті. Алла Тағала қасиетті Құранда бұ дүниені адамдарға жалт-жұлт етіп көрсетіп, Алла жолында кімнің қалай жұмсайтынын бақылайтынын баяндаған.

Ел ішінде баспанасыз жүрген жетім-жесір, қаріп-қасерлер баршылық. Жамағаттардың баршасын Алланың берген ризық-несібесімен бөлісіп, сауаптан шет қалмауға шақырамыз.

Ақыретте әркім жасаған амалының қайырын көреді. Бастысы игі істердің сауабын сарқып алмау керек.

Мешіт имамы Камран Шерахмет игі іс жалғасын табатынын айтып, жақсылыққа жұмылған жамағатқа ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін!