Печать
Просмотров: 239

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Исамиддин баба» мешітінің ұйытқы болуымен «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 461-баспананың кілті табысталды.

Игі іс-шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов арнайы қатысып, асыраушысы жоқ, жалғызбасты анаға баспана кілтін табыс етіп, құтты болсын айтты.

Сауапты іске «Зекет және қайырымдылық қорының» өкілдігі мен «Исамиддин баба» мешітінің бас имамы Ербосын Орын атсалысса, баспана болған қала тұрғыны қаржылай қолдау білдірген барша азаматтарға алғысын жеткізді.

Шара барысында «Исамиддин баба» мешітінде қасиетті Мәуліт айының құрметіне дастархан жайылып, ас берілді. Мәуліт дұғасы оқылып, салауат айтылып, ел амандығы үшін дұға жасалды.