Печать
Просмотров: 1103

Жетісайда көп балалы бір отбасыға баспана берілді. Ақтөбе ауылының тұрғынына Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тарту етілді.

Шердалиевтер отбасы көптен бері пәтер жалдап келген. Ауылда арзан тұрса да, үй алу екінің біріне қол жетімсіз.

Игі іс аудандық зекет және қайырымдылық бөлімінің ұйымдастыруымен “Баспанаға жол” қорының қолдауымен жүзеге асты. Үш бөлмелі үй 1 млн 500 мың теңгеге сатып алынды.

Терезелері жаңаланып, үй іші кір-қоңнан тазартылды. “Ел үлесі пәтерге” акциясы аясында берілген 506-баспананың кілтін аудан имамының өзі табыстады.

Жорабай Дулатбаев демеушілерге ризашылығын білдірді. Алла Тағала баршасына разы Болсын, қайырын Берсін, жас отбасыға жәрдем Етсін!